Войти через

  • 13°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облысында ең берекелі отбасыны анықтады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған «Берекелі шаңырақ» жас отбасылардың фестивалі  өтті. Онда өңірдің ең өнегелі отбасы анықталды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Фестиваль отбасы институтын нығайту, отбасы беделін көтеру, неке мен отбасының ұлттық құндылықтарын  насихаттауға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға аудан-қалалардан 26 отбасы қатысып, 12 отбасы іріктеуден өткен. Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды Талдықорған қаласынан Искаковтар отбасы, екінші орынды Талғар ауданынан келген Айбахуновтар отбасы иеленсе, үшінші орынды Текелі қаласынан келген Мұсановтар отбасы иемденді.

Сонымен қатар белсенді қатысушылар Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Это может Вас заинтересовать