Войти через

  • 10°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облысында соңғы бес жылда 75 мектеп салынды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында соңғы бес жылда 75 мектеп салынды, соның 30 мың орындық 55 мектебі үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу үшін тұрғызылған. Оған жыл сайын білім саласына бөлінетін қаржының артуы септесіп отыр. Мысалы аталған салаға бөлінген қаржы биылғы жылы 59 млрд. теңгеге ұлғайтылып, 266 млрд. теңгені құрады. Соның 14 млрд теңгесі құрылысқа бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,6 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында белгілі болды, деп хабарлайды TINFO.KZ Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімінің айтуынша, туу көрсеткішінің артуы мен ішкі көші-қон есебінен жыл сайын бала саны 20 мыңға өсіп отыр. Мәселен, өткен жылы 48 мың бала мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барған. Қазір облыста үш ауысымда оқытатын 38 мектеп бар. Биылғы жылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын 13 мектеп салынса, соның 8-і үш ауысымдылықты жоюға бағытталады. Олар - Жамбыл ауданының Қасымбек, Жайсаң ауылдарындағы, Іле ауданының Түймебаев, Қараой, Жәпек батыр, Қосөзен, Боралдай ауылдарындағы, Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы мектептер.

«Оған қоса біз жалпы құны 10,3 млрд. теңге болатын тағы 6 мектептің құрылысын бастауымыз керек. Сол сияқты жеке инвестиция есебінен мектеп салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Қазірдің өзінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Қаратал ауданының Қожбан ауылында бастауыш мектеп, Қарасай ауданының Әйтей ауылында 1200 орынды мектеп тұрғызылды», - деді Амандық Баталов.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Это может Вас заинтересовать