Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Алматы облысының ауылдары арақтан бас тартып жатыр

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Алакөл ауданының үш ауылы алкогольді сусындардан жаппай бас тартып жатыр, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Жуырда Жұмахан Балапанов ауылының жастары 300 мың теңгеге ішімдік сатып алып, кейін оны жойған. Ішімдіктердің шөлмектерін сындырған фото және видео жазбалар әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр.

«Біз дүкен иелерімен келіссөз жүргізіп, шамамен 300 мың теңгеге ішімдіктерді сатып алдық. Есесіне кәсіпкерлер шығынға батпай, келесіде алкогольді дүкен сөрелеріне қойматындарын да айтып өтті. Барлық ішімдікті сындырып, ендігі ретте бұрыс жолмен жүрмеуге де серт еттік. Сонымен бірге, ауылда мұқтаж отбасылар мен жалғыз басты қарияларға, жетім-жесірлерге көмек көрсету мақсатында қор ашып, қаражат жиыстырып жатырмыз. Жуырда ғана екі жанұяға 100 мыңнан ақшалай және бір отбасыға көмір-отын ретінде септестік. Алдағы уақытта да бұл сауапты іс өз жалғасын табады»,- дейді ішімдікке қарсылық эстафетасының бастамашысы жеке кәсіпкер Ержан Манатов.

Қызылащы ауылдық округі бойынша уческелік полиция қызметкері Ұлан Угиев айтуынша, ішімдіксіз ауылда қылмыстың да саны азайған.

Қазіргі таңда шараға Қарабұлақ пен Еңбекші ауылдарының азаматтары қосылып, алкогольге шектеу қойды. Ендігі эстафета кезегі Жанама және Көктұма ауылдарына жолданған.
Фото: әлеуметтік желілер.

Это может Вас заинтересовать