Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Амандық Баталов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды передает Tinfo.kz. Құттықтау Facebook жеке парақшасында жарияланды.

«Құрметті медицина қызметкерлері! Биылғы жылы кәсіби мерекелеріңізді күрделі кезеңде қарсы алып отырсыздар. Дегенмен әлемге таралған індет жағдайында сіздер кәсіби дайындықтарыңызды, іскерлік шеберліктеріңізді, жанкешті еңбектеріңізді, көмек көрсетуге деген құлшыныстарыңызды айқын көрсете білдіңіздер.

Халықтың саулығы – мемлекеттің байлығы, дамудың негізгі тірегі. Бұл орайда адамның денсаулығын нығайту мен өмірін сақтау жолында сіңірген еңбектеріңіз зор. Сіздердің күрделі де жауапты, ізгі еңбектеріңізге ризашылық білдіру, құрмет көрсету, қолдау – міндетіміз. Біздің ортақ салиқалы шешімдеріміз бен қабылдаған шараларымыз туындаған қиындықтарды қажырлықпен еңсеруге мүмкіндік береді.

Кәсіби мерекелеріңізбен сіздерді шын жүректен құттықтай отырып, сіздерге және отбасыларыңызға денсаулық пен төзімділік, игілік пен береке тілеймін!», - деп жазды өңір басшысы.

Это может Вас заинтересовать