Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Қапшағайда Абай шығармашылығына арналған фестиваль өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Қазақтың ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мереейтойына орай Қапшағай қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында “ТАЛАНТТЫЛАР” фестиваль-байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Шара “Қапшағай самға” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудандық әкімдік пен партия филиалының қолдауымен өтті.

Фестивальдің мақсаты - ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығарма шылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Байқау Қапшағай қалалық кітапханасының басшысы Кенжебекова Назым Халеловнаның құттықтау сөзімен басталды. Ары қарай шара қатысушылардың өнерімен жалғасты.

Это может Вас заинтересовать