Войти через

  • 8°C

Пятница, 26 апреля

«Атамекен» бизнестің қатаң карантиндегі жұмыс алгоритмін ұсынды

TINFO
TINFO
Служба новостей
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 14 шілдедегі Ведомствоаралық комиссия (ВАК) отырысының қорытындысы бойынша Үкіметке бизнестің қатаң карантиндегі жұмыс алгоритмін ұсынды. «Атамекен» эпидемиологиялық жағдайға алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар, 14 шілдедегі ВАК отырысының қорытындысы бойынша Палатаның ұсынысын жолдайды:

1. Вакциналау бойынша ынталандыру шаралар ретінде бизнес субъектілеріне рұқсат ету критерийлерін белгілеу:
- Ұжымның 50% және одан да көп қызметкері вакцина салдырған, Ashyq жобасы арқылы адал қызмет ететін кәсіпорындарға шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік беру;
- Ashyq жобасы арқылы адал қызмет ететін, вакциналау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпорындарға Ashyq жобасымен алдағы эпидемиологиялық аймақ шарттарында жұмыс істеуге рұқсат беру;

2. Ashyq жобасын барлық саладағы барлық бизнес субъектілеріне тарату.
3. Сауда ойын-сауық орталықтары/сауда үйлері және базарлардың кіреберісінде Аshyq қосымшасы арқылы статусты тексеретін жүйелерді (турникеттер) пайдалану ұсынылады. Егер Ashyq-тағы жеке статусы «қызыл» немесе «сары» болса, онда турникет нысанға кіру үшін бұғатталады. Бұл шара қолданыстағы санитарлық талаптарға қосымшга ретінде сауда ойын-сауық орталықтары/сауда үйлеріне кіру тобын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
4. Бизнесті көбірек тарту үшін Ashyq жобасына кіру алгоритмдерін оңайлату және мерзімін қысқарту: өтінімдерді санитар дәрігерлердің келісуін алып тастау, қауымдастықтар арқылы өтінім беруді алып тастау және цифрлық мобильді қосымшаларды барынша көбірек пайдалану;
5. Өңірлердің бас санитар дәрігерлерінің Ashyq жобасына қатысушылар үшін қосымша шектеулер енгізу мүмкіндігін болдырмау;
6. Мәскеу қаласы үкіметінің инфекция таралуына қарсы тәжірибесін қолдану – онда бизнеске жұмыс істеуге тыйым салынбайды, оның ішінде демалыс күндері де санитарлық талаптардың сақталуы үшін жауапкершілік халыққа жүктеледі. Бұл вакциналауды ынталандырады.

Это может Вас заинтересовать