Войти через

  • 4°C

Пятница, 26 апреля

Автожолдың күтімі

TINFO
TINFO
Служба новостей

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» жол сапасын тексеретін ұлттық мекеме болғандықтан филиал қызметкерлерінің басты ұстанымы – өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарау.  Жұмыс бабындағы әрбір бақылаудың соңында адам өмірі тұрғанын филиал мамандары жақсы түсінеді. Сондықтан әрқайсысы өз ісін адал, әрі шынайы атқарып келеді. 

Олай дейтініміз, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалының қызметкерлері үстіміздегі жылдың Ⅰ тоқсанында Алматы облысындағы жалпы ұзындығы 2 922 шақырымға жуық  республикалық жол желісіне қысқы күтім жасау бойынша жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізді. Жыл басынан бері 49 рет іс-сапарға шығып, жол құрылыс материалдарының 8 үлгісіне сараптама жасады. Нәтижесінде жол құрылыс материалынандарынан 2 ақау анықталып, мердігерлерге дер кезінде ескерту хат жазылып, кемшілік өз уақытында шешімін тапты. 

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалы ақ қар бораған қыс айларында да, көктемгі қар еру кезінде де өз жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Кыс кезінде авто жолдардың қардан тазартылуын, жолға себілетін құм-тұз қоспасының мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келуін бақылауда ұстап отырды. Мысалы,  жол құрылыс материалдарының қысқы күтімі мен сынамаларын алу кезінде «Кеген-Нарынқол» тас жолында бір кемшілік анықталып, тапсырыс берушіге және мердігер ұйымға хат жолданды. Сонымен қатар жолда техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу мен күрделі жөндеу учаскесіндегі ахуалды назардан тыс қалдырмайды. 

Кепілдік мерзімі аяқталмаған  «Алматы-Өскемен» тас жолының 259-273, 283-287 шақырымы аралығындағы  (Талдықорған айналма жолы) жол құрылыс материалдарынан алынған сынамадан бір кемшілік анықталған.  Мұның бәрі жүйелі жұмыстың нәтижесі. Жақсы жолдан – жарқын өмірге!

Ақбөпе ЖИЕНҚҰЛОВА

Это может Вас заинтересовать