Войти через

  • 10°C

Пятница, 26 апреля

Бейсен Құранбектің әкесі қайтыс болды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Белгілі журналист Бейсен Құранбектің әкесі Абай дүние салды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы әлеуметтік желідегі жеке парақшасына фотограф Жеңіс Ысқабай жазды.

«Ол жаққа да жақсы адам керек екен. Жатқан жеріңіз жайлы болсын Абай ақсақал!», - деп жазды ол.

Сонымен бірге журналист Есболат Айдабосын Құранбек әулетіндегі қазаға қатысты көңіл айтты.

«... Абай аға да көшіпті жалғаннан. Нағыз даланың қазағы еді, "ерке өскен , әлі күнге еркелейді" деп қоятын Бейсекең марқұм. Иманы жолдас болсын, бұ дүниеде көрмеген жақсылығын о дүниеден көрсін! Артында қалған берекесі бала-шағасына дарысын!», - деп еске алды қаламгер.

Еске салсақ, осы жылдың 18 мамырында 48 жасында ауыр дерттен белгілі журналист, облыстық «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек қайтыс болды. Артынан маусым айында журналисттің анасы Ямали ана 73 жасқа қараған шағында дүние салды.

Это может Вас заинтересовать