Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Есімдері ел есінде мәңгі сақталмақ!

TINFO
TINFO
Служба новостей

Елімізде даңқты тұлғаларға құрмет көрсетіп, олардың еңбектерін ел есінде мәңгі сақтау бағытында республика көлемінде түрлі шаралар атқарылып келеді.

Білім мен ғылым, өнер мен мәдениет және басқа да салаларда өздерінің қолтаңбаларын қалдырып, еңбектері ел ішінде ғана емес, ЮНЕСКО көлемінде жоғары құрметке ие болған тұлғаларымыздың есімдері Жер жаннаты Жетісу өңіріндегі бірқатар білім беру және басқа да мәдениет ошақтарына берілді.

Атап айтсақ, бұл жұмыста өңіріміздің қоғамдық ұйымдары бастама көтеріп, аудан-қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен және сессия шешімдері тиісті ономастика коммиссияларына жолданды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 14, 66, 303 қаулыларымен Іле ауданының № 48 орта мектебіне Төлеген Айбергенов, Кеген ауданындағы Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығына Кеңес Нұрпейісұлы, Қарасай ауданындағы Үшқоңыр қазақ орта мектебіне Әлжан Бұқарбайқызы, Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығына Ахмет Байтұрсынұлы, Көлащы орта мектебіне Бауыржан Момышұлы, Алматы облыстық № 15-ші мектеп-интернатына Абайдың есімі берілді.

Сонымен қатар, Ұйғыр ауданында бірқатар нысандарға есімі Қазақстанда ғана емес, әлемдік өркениеттің дамуына үлесін қосқан тұлғаларға берілді. Олар, аудандық кітапханаға әл-Фараби,  № 4-ші Шонжы орта мектебіне Абай, Шарын орта мектебіне Дінмұхамед Қонаев, Үлкен Дихан орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен мекемесіне Заманбек Батталхановтың есімі берілді

Талғар ауданының № 49-шы жалпы білім беретін орта мектебіне Ыбырай Алтынсарин, мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 31-ші жалпы білім беретін орта мектебіне әл-Фарабидің есімі берілді. Айдынды Алакөл өңірінде Қант зауыты орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мекемеге Дінмұхамед Қонаевтың есімі берілді.

Аталған игі жұмыстар ел дамуына өзінің ерекше үлесін қосқан тұлғаларымыздың келер ұрпақа мәңгілік мұра ету мақсатындағы жақсы бастама деп түсінемін. Даңқты тұлғалардың есімі мәңгілік халықтың жадында болып қала бермек.

Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Жанболат Жөргенбаев

Это может Вас заинтересовать