Войти через

  • 16°C

Воскресенье, 13 октября

Ірі өндірістер экономикаға серпін болмақ

TINFO
Служба новостей
«Nur Otan» партиясы Алматы өңірінде экономиканың басым салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті, агроөнеркәсіп кешенін, құрылыс пен туризмді дамыту арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартпақ. Тұрғындардың жақсы табыс табуы үшін жұмыс орындары ашылуы керек. Жақсы табыс – жайлы өмір кепілі. Ал жұмыссыздық оған кедергі болуда. Партия өңірде алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде 69,9 мың адамды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Осы тақырыптарды арқау еткен «Есіктен есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Дәулет Жарасбаев «Техно Снаб» ЖШС қызметкерлерімен кездесті.
- Қоғам дамуына кедергі келтіретін жалғыз ғана мәселе бар. Ол – жұмыссыздық. Партия осы мәселені шешуге білек сыбана кіріспек. Мәселен, сайлауалды бағдарламаға сәйкес, партия алдағы бес жылдықта 51 ілгері инвестициялық жобаны іске асырмақ. Келер жылы Жансүгіров ауылында тәулігіне 500 тонна өнім беретін қант зауытын салады. Одан бөлек, Ақсу ауданында табиғи каучук өндіру зауытын, жылдық қуаты 3,3 млн тонна болатын кен өңдеу зауытын салу жоспарланған. Ірі өндірістердің ашылуы тек экономикаға серпін болмайды, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септеспек, - деді Дәулет Жарасбаев.
Сайлауалды бағдарламаға сай, алдағы уақытта фармацевтикалық өнім шығаратын зауыт, ет өңдеу зауыты салынбақ. Одан өзге Ұйғыр ауданында жылына 26 мың тонна өнім беретін құс фабрикасы да бой көтермек. Мұнан өзге «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА аумағына және «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына инвестор тарту барысында құны 353,4 млрд теңгенің 61 жобасын жүзеге асу жоспарланған. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде алдағы бес жылдықта жалақысы 200 мың теңгеге жететін 134 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.




Это может Вас заинтересовать