Войти через

  • 12°C

Пятница, 26 апреля

«Кәсіпкерлер назарына»: «Даму» қорынан қандай қолдау бар?

TINFO
TINFO
Служба новостей

Төтенше жағдай кезінде «Даму» қоры 348 жаңа жобаның 72,4 млрд теңге несиесін субсидиялады, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Кәсіпкерлер қор арқылы қол жеткізе алатын қолдау құралдары мен мемлекеттік бағдарламалар:

Кәсіпкерлердің несиесін субсидиялау төрт бағдарлама бойынша жүзеге асырылады:

  • «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (7 млрд теңгеге дейін. Субсидияны есептегенде 6%. 5 жылға, салалық шектеусіз, сауда саласын қоспағанда);
  • «Қарапайым заттар экономикасы» (несие сомасына шектеу жоқ, Субсидияны есептегенде 6%, 10 жылға, басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар субсидияланады);
  • «Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысын қолдау бағдарламасы (құрылыс компанияларының несиелері субсидияланады, несие сомасына шек жоқ. Субсидия көлемі 7%, 3 жылға);
  • «Төменкөміртекті дамуға арналған тұрақты қалалар» бағдарламасы (қуат көзін үнемдеу, энерготиімді жобаларды жүзеге асырумен айналысатын, осы салада тәжірибесі мол кәсіпкерлердің несиесі субсидияланады. Несие сомасы 350 млн теңгеге дейін, мерзімі 6 жылға дейін, сыйақы мөлшерлемесінің 10% немесе негізгі қарыздың 40%-ына дейін).

2010 жылдан бастап «Даму» Қоры «БЖК 2020» бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлердің несиесіне кепілдік беру құралын енгізді. Бұл – кәсіпкерлерді қаржылай қолдау құралы болып саналады және банк талап еткен кепілзат жетпеген жағдайда кепіл болады.

Несиеге кепілдік беру құралы:

  • «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы. (1 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 50%-ынан 50%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты салалық шектеусіз, сауданы қоспағанда);
  • «Қарапайым заттар экономикасы» (5 млрд теңгеге дейінгі несиелерге кепілдік беріледі. Несие сомасының 30%-ынан 50%-ына дейін кепілдік беріледі. Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты. басымдық берілген жобалар тізіміндегі салалар);
  • «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» (несие сомасы 6500 мен 8000 АЕК, қай өңір екеніне қарай. Бұл несие бойынша кепілдік 85%-ға дейін, несиенің мөлшерлемесі 6%);
  • «Даму Оптима» бағдарламасы (несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік, Кепілдік көлемі мен мерзімі кәсіпкер алатын несие сомасы мен қызмет саласына байланысты. Несие сомасы 180 млн теңгеге дейін, кепілдік үшін комиссия несие бойынша негізгі қарыз қалдығынан 2,5%).

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеевтің айтуынша Қор сондай-ақ банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы «Еңбек» бағдарламасы, ҚР Ұлттық қорынан өңдеу өнеркәсібі саласындағы ШОБ қолдау бағдарламалары бойынша, 17 өңірдегі аймақтық бағдарламалар бойынша жеңілдікпен несие беру бағдарламаларының операторы.

Естеріңізге сала кетейік, кәсіпкерлер өз өтінімдерін egov.kz және online.damu.kz портал арқылы online жібере алады. Сондай-ақ, онлайн режимде www.damu.kz, www.online.damu.kz веб-сайттарда кеңес алып немесе бірыңғай Call-орталыққа 1408 нөмірі арқылы қоңырау шала алады (қоңырау шалу тегін).

Фото: «Даму» қоры.

Это может Вас заинтересовать