Войти через

  • 9°C

Пятница, 26 апреля

Кеген мен Райымбек аудандарында туризмді дамытуға арнайы бағдарлама қажет - кәсіпкерлер

TINFO
TINFO
Служба новостей
“Атамекен” басшылығы Райымбек пен Кеген аудандарында кәсіпкерлер кеңестерімен кездесті. Өңірлерде ауыл шаруашылығымен бірге, туризм саласын дамытуға мүмкіндік зор. Алайда кәсіпкерлердің айтуынша, ауданда туризмді дамытуға арнайы бағдарлама мен қаражатты қарастыру керек.

Шалғай аудандарда қордаланған мәселе көп. Жер мәселесі, егістік пен жайылымдық жерлердің аздығы - ең басты мәселелердің бірі. Цифрландыруды қолға алып, мәселеге жергілікті атқарушы орган араласып шешуі тиіс.

Сонымен бірге екі ауданның кәсіпкерлері мемлекеттік сатып алу, Qoldau платформасының жұмысы, шағын несиенің қолжетімсіздігі бойынша сұрақтарды көтерді. Кәсіпкерлер “Бастау Бизнес” жобасының маңыздылығына тоқталып, өңірлерде бизнес негіздеріне оқытуды жалғастыру керектігін айтты.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстарды хаттамаға кіргізіп, қолға алынады. Жиынға Өңірлік кеңес мүшелері Ләззат Ботабекова, Жұмаш Суатаев, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оналбаев, кәсіпкерлер кеңестерінің мүшелері, Кеген ауданы прокурорының м.а. Рауан Алтынбеков, Райымбек ауданының прокуроры А.Мырзабеков қатысты.

Сонымен бірге, референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтың мүшесі ретінде Дәурен Оналбаев пен Думан Керімбаев Райымбек пен Кеген кәсіпкерлеріне алдағы референдум мен конституциялық түзетулерді түсіндіріп өтті.

Это может Вас заинтересовать