Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Қызылша жұмысы қызу

TINFO
TINFO
Служба новостей

Барлықтарыңызға мәлім, Жетісу өңірі, қызылша өсіріп, өңдеп, тәтті қантты шығаратын облыс болып табылады. Бұл салаға назарымыз ерекше, осы орайда Көксу қант зауытын аралап, биылғы жылы қабылдап алған қызылшалардың тазалығын тексеретін лабораториясында болдым. Жұмыс қызу және қауіпсіздік техника ережелеріне сай жүруде. Жұмысшыларға жасалып жатқан жағдайды көріп, еңбектеріне сәттілік тіледім, tinfo.kz хабарлайды

Назарларыңызға сала кетсем, 2023 жылдан бастап қант қызылшасының әр тоннасына мемлекеттен тағы 10 мың теңге қосылып, 40 мың теңгеге дейін болмақ. Бұл туралы қыркүйек айында жетісулық шаруалармен кездескен ауылшаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек мәлімдеген болатын.

Ал ағымдағы жылы шаруаларымыз өнім тоннасын 30 мың теңгеден өткізіп жатыр. Бұл жерде 15 мың теңгесін қант зауыты төлесе, 15 мың теңгесі жергілікті бюджеттен төленуде. Алайда, шаралар бұл баға мардымсыз деп, тұқымнан бастап жанармай, тыңайтқыш, ауылшаруашылығы техникасының бағасы бірнеше есе өскендігін негізге алып отыр.

Жалпы Жетісу облысында биылғы жылы 6 мың гектарға тәтті түбір егілген және қант қызылшасын бір ғана зауыт яғни Көксу қант зауыты қабылдауда.

 

Секенбай Шенгелбаев- Жетісу облыстық мәслихатының депутаты

Это может Вас заинтересовать