Войти через

  • 13°C

Пятница, 26 апреля

Мәжіліс депутаттарына Панфилов аудандағы өзекті мәселелер айтылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

12 шілде күні Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан мен Жанна Телпекбаевамен және облыстық мәслихат хатшысы Жанболат Жөргенбаев Панфилов ауданында іс-сапарда болып қайтты, деп хабарлайды Tinfo.kz Алматы облыстық мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-сапар барысында халық қалаулылары аудандағы маңызы бар бірқатар нысандардың жұмысымен танысып, қоғамдық қабылдау өткізді.

Одан кейін "Көктал-агро" ЖШС сүт-тауарлы фермасының жұмысымен танысып, сонымен қатар Көктал ауылының мәдениет үйінде Дәнеш Рақышев атындағы Халық театрының ұжымымен кездесті. Театр ұжымының өтініш, ұсыныстарын тыңдаған депутаттар театр қызметкерлерінің жалақысы қаралып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ, кездесу барысында Дәнеш Рақышевтің есімі театрға берілу деген ұсыныс қолдау тауып,  алдағы уақытта осы бастаманы қарастыратындарын білдірді.

Аудан тұрғындарымен кездескен Мәжіліс депутаттары көтерілген мәселе мен ұсынылған тілектер алдағы уақытта Парламент отырысында  комитет мүшесі ретінде бағыттар бойынша тиісті орындарға жеткізетіндерін атап өтті.

Бұдан соң, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу жалғасты. Жұмыс барысындағы кейбір кедергі келтіретін заңнамалық баптарға қатысты ұсыныстарын білдірген полиция қызметкерлері аудандағы қылмыстық ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

"Құрғақ порт", "Феникс фид миллс" сынды еркін зона аймағындағы ірі жобалардың жұмысымен танысып, Мәжілісмендер өңірдің болашақ әлеуеті зор екенін атап өтті.

Это может Вас заинтересовать