Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Өзгерістерге бағытталған сенімді бағыт

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің дамудың жаңа кезеңіндегі елеулі экономикалық өзгерістерге бағытталған сенімді бағытын растайды, tinfo.kz хабарлайды

Білім саласы қашанда өзекті әрі маңызды мәселе екендігі анық. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында отандық оқу орындарындағы білім алу жөнінде атап өтті. «Сондықтан, мемлекет ҰБТ нәтижелері мен өзге де көрсеткіштерге байланысты 30-дан 100%-ға дейін сараланатын білім гранттарын бөлуді жоспарлап отыр. Оқуға жылдық 2-3% пайызбен жеңілдетілген несие де беріледі. Бұл шаралар жоғары білімді мейлінше қолжетімді етеді, сондай-ақ қоғамдағы серіктестік пен өзара жауапкершілік идеологиясын нығайтады», — деді Президент. Елімізде ел ертеңі саналар жастардың сапалы білім алып, тұлға ретінде жан-жақты дамуына игілікті істер атқарылуда. Жолдауда атап көрсетілген бағыттар осы кешенді шаралардың жалғасы деуге болады.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету, жастар арасында жұмыссыздықты жою мақсатында 100 мың жасты жұмыспен қамту үшін төменгі пайызбен шағын несие беру – жастарға өз кәсіптерін ашуға, жаңа бастамалар бастауға жақсы мүмкіндік.

Еңбекқор адам – ең сыйлы адам болу керек, - деді Президент өз жолдауында. Яғни, елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяры анық.

 

Әсет Серікқалиұлы Қыдырманов

«Алматы облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Жетісу облысының мәслихат депутаты

Это может Вас заинтересовать