Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Парақорлық істерден мемлекетке 24 млн жуық залал тиді

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысында 9 ай ішінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен 112 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 74-і сыбайлас жемқорлықпен байланысты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Бұл туралы ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы  Данияр Тұрғанбаев баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

9 айдағы қызметінің қорытындысының көрсеткішіне сәйкес аяқталған қылмыстық істер бойынша аңықталған залал сомасы 24,5 млн теңгені құрады. Оның 98%-ы немесе 23,9 млн теңгесі мемлекет кірісіне өтелді. Сыбайлас жемқорлықты жасағаны үшін 51 адам, оның ішінде 9 бірінші басшылар қылмыстық жазаға тартылған.

«Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің, сондай- ақ Алматы облысы кеден қызметіндегі тауарды әкелу кезінде шекарадағы кедендік тексеру рәсімдері әлі де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім салалардың бірі болып табылады. Салық қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық залалдануы 27,3% құрайды, кеден қызметі бойынша - 19% құрады. Өз кезегінде, салық саласы бойынша ақшалай сыйақының орташа мөлшері 108 мың теңгені, ал кеден саласы бойынша 74 мың теңгені құрайды», - деп атап өтті Данияр Тұрғанбаев.

Департамент басшысының айтуынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жаңа жұмыс бағытына өте отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі функцияларды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар қоғамда адалдық, парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және нығайту жөніндегі жұмыстарға көшуде. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бастамалары анық айқындалған құндылықтар призмасы арқылы іске асырылатын болады. Бұл – әділдік, сенім және парасаттылық.

Бизнес пен инвесторды қолдауға арналған «Protecting Business and Investments», өскелең ұрпақты парасаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған «Адал ұрпақ», жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға арналған «Саналы ұрпақ», темір жолдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелін жоюға арналған «Адал жол» жобалары жүзеге асырылуда. 

Үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарын тарту мақсатында Арнайы мониторинг топтары қызмет етіп жатыр. Бүгінгі күнде олар жоғары оқу орындар мен колледждердің студенттерді мемлекет есебінен грантқа қабылдау емтихандарына мониторинг жүргізілуде. 

Фото: «Jetisy media» КММ.

Это может Вас заинтересовать