Войти через

  • 6°C

Пятница, 26 апреля

Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы өңір дамуына жаңа серпіліс бермек

TINFO
TINFO
Служба новостей

Барлықтарыңызға мәлім, «Nur Otan» партиясы республика бойынша әр аудан-қала мен облыстық сайлауалды бағдарламасын әзірлеп, қалың бұқараның талқылауынан өткізген болатын. Ерекешелігі бұл бағдарлама әр өңірді жеке қамтып, аймақтың дамуы жолында өз рөлін айқындай түсті. Осы бағдарлама аясында  Алматы облысында да үлкен жұмыстар жүргізіліп, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында Жол картасы әзірленді. Аталған Жол картаның жоспарын талқылап, Саяси кеңес Бюросының қарауына жіберіп, бекіту үшін, бүгін облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы А.Баталовтың қатысуымен облыстық мәслихаттағы партияның депутаттық фракциясының отырысын өткіздік.

Жол картасының әр тармағының тиімді іске асып, орындалуы әр депутаттың жеке бақылауында болмақ, ол үшін әр депутатқа салалар бекітіліп берілді. Сонымен жауапты басқарма басшылары бағдарламаның іске асуы персоналды түрде жауапкершілігінде болмақ, бұл жол картасында қарастырылған.

Жол картасы 7 бағыттан тұрады және 25 көрсеткіш пен 130 іс-шаралар жоспарланған. Қаржы көлемі 2 трлн. 678 млрд. тенге құрап отыр, оның ішінде республикалық бюджеттен – 428 млрд. тенге, жергілікті бюджеттен – 523 млрд., жеке инвестиция – 1 трлн. 727 млрд. тенге.

Өңір тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында 2021-2025 жылдары аралығында 5,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салу, сонымен қатар 58 мың пәтерге арналған 1 мыңнан астам коммерциялық үйлер салып, оның ішінде 7-20-25 бағдарламасы аясында 5 пәтер  қарастырылған.

Тұрғын үймен 3 мыңдай әлеуметтік аз қамтылған және 5309 көпбалалы отбасылар қамтылмақ.

Тұрғындармен сумен қамтылу қызметі 2023 жылы қалаларда 100 пайызға, 2025 жылы ауылды жерлерде 99,5% болмақ.

Сайлауалды бағдарламаға сәйкес, Ақсу, Сарқан, Алакөл, Кеген, Райымбек аудандарының 195 елді мекенін қамти отырып, «Талдықорған-Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры салынады.

Нәтижесінде елді мекендерді газдандыру деңгейі 59%, табиғи газға 1,6 млн тұрғын немесе 76%-ға қол жеткізілмек.  

Біздің ендігі міндетіміз, көзделген мақсаттарды іске асырып, сапалы жүруіне бақылау жасап, көрсетілген межелерге жету болмақ. Бұл жолда Жетісулық нұротандықтарға сәттілігін тілеймін.

Тойлыбаева Гүлнәр Қожағұлқызы
«
Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі

Это может Вас заинтересовать