Войти через

  • 10°C

Пятница, 26 апреля

Талдықорған жолдарындағы бейнебақылау жүйесі қайта іске қосылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының Полиция департаменті Алматы облысының жолдарындағы бейнебақылау жүйесінің ақаулары жөнделіп, қайта іске қосылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.  

Жол қозғалысы ережелеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтайтын «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені (АБК) жүйесінің техникалық, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Талдықорған қаласында орналасқан АБК бекеттері:

1) Жансүгіров к.-Шевченко к.;

2) Назарбаев к. – Алдабергенов к.;

3) Жансүгіров к.- Желтоқсан к.;

4) Шевченко к. - Гаухар ана к.;

5) Абылай-хан к. – Уалиханов к. қазіргі уақытта жарамды күйде. Және бұл бекеттер 2020 жылдың 9 маусымынан бастап өз жұмысына қайта кіріседі.

Сонымен қатар, Алматы қаласының маңында орналасқан «Автоураган» АБ-ның жұмысы 2020 жылдың 10 маусымынан бастап қалпына келтірілді:

1) " Айтей" Алматы-Бішкек тасжолының 31 км;

2) "Қызыл-Қайрат" Алматы-Талғар тасжолының 22 км;

3) "Қызыл ту" Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 23 км;

4) "Маловодное" Алматы-Көкпек-Көктал тасжолының 73 км;

5) Алматы- Өскемен тасжолының 54 км (Қапшағай қ.).

Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Это может Вас заинтересовать