Войти через

  • 9°C

Пятница, 26 апреля

Талдықорғанда оқушыларға кітап оқудың маңыздылығы айтылды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласы В.Маяковский атындағы орталық кітапханада «Кітап білім -бұлағы»  атты арнайы тәрбие сағаты өтті, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Шара Еріктілер жылы шеңберіндегі іс-шаралар аясында және №14 мектеп гимназиясының 6б сынып оқушыларының ата-аналарымен ұйымдастырылған.

«Кітап – білімнің қайнар көзі. Кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп, қаблетін шыңдайды. Жақсы кітап – жан азығы. Әр оқырман кітап оқу арқылы кең әлемнің тылсым  сырына қанығып, баға жетпес рухани құндылықтарды өз бойына сіңіре алады. Сондықтанда қай дәуірде болсын кітаптың орны ерекше», – дейді мамандар.

Тәрбие сағатында кітап оқудың артықшылығы жан-жақты түсіндіріліп, қаншама кітап қорын сақтап, оқырманға қолайлы орта сыйлап отырған кітапханалардың маңыздылығы атап айтылды.

«Қазіргі кезде заман ағымына байланысты кейбір адамдар «кітапханалардың болашағы жоқ» деген пікірде. Бұл әрине жансақ ұғым. Себебі, электронды жүйенің адам денсаулығына келірер зияны жоғары», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Шара барысында оқушылар әр түрлі сұраққа жауап алып, ашық пікір алмасты.

«Осындай шараларды өткізу арқылы ата- аналар  оқушылармен ашық қарым-қатынас орнатуды көздейді. Мұндағы мақсат сіз бен біз болып толағай табыстарға жету, және  жас толқынның қажеттіліктері мен көкейдегі ойларын орындауға көмек көрсету» — деді ата-аналар атынан сөз алған Айсұлу ханым.  

 

Это может Вас заинтересовать