Войти через

  • 4°C

Пятница, 26 апреля

Талдықорғанда қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай онлайн-конференция өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында 31 мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Өткенге тағзым» тақырыбында онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, зобалаң жылдарда жазықсыз атылған қазақ зиялыларын ұрпақ санасында жаңғырту, патриоттық тәрбие беру, тарих бетіндегі ұлы тұлғаларды насихаттау мақсатында өткен онлайн-конференцияға Алматы облыстық Ассамблея хатшылығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ғылыми-сараптамалық топ мүшелері, аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері қатысты.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай модератор болды.

Онлайн-кездесуде алғашқы сөз кезегі филология ғылымдарының докторы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің профессоры, Ілиястанушы Иманғазинов Мұратбек Мүбәрәкханұлы «Ілияс – репрессия құрбаны» тақырыбында баяндама жасап, өткенге көз жүгіртті.

Келесі сөз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Іле аудандық маслихат хатшысы, Облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Абилова Роза Михаилкизи «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» тақырыбында баяндама оқыды.

Конференция барысында Жазушы, журналист Қараманов Қараша Қонысұлының «Ақтаңдақтар рухына басымызды иейік!» баяндамасы,Ақсу аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Құрманғалиева Алма Жанатбекқызының баяндамасы, «Жазықсыз жапа шеккендер – Без вины виновные» атты Облыстық «Элефтерия» грек этномәдени орталығының төрағасы Тифанциди Наталья Алексеевнаның баяндамасы (Талғар ауданы)

«Поклонись прошлому…» атты Қаратал аудандық корейлер Қауымдастығы ақасақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Пак Виктор Ивановичтің баяндамалары тындалды.

Айта кетсек, 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Сол кездегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын-сүргінге ұшырағандардың жақындары да жапа шекті. Зерттеушілер деректеріне сүйенсек, осы кезең аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Сол жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған. Жалпы, 1930-1953 жылдар аралығында небары 23 жылда 40 миллионнан астам кеңес азаматтары репрессияға ұшыраған. Қазақстан аумағында орналасқан лагерлерге корейлер, поляктар, Еділ немістері, Қырым татарлары, Кавказ халықтары және басқа да ұлт өкілдері күштеп көшірілген.

Фото: Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

Это может Вас заинтересовать