Войти через

  • 5°C

Пятница, 26 апреля

Текелі әкімі Бақтияр Өнербаев отставкаға кетті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев отставкаға кетті, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Мен Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңына сәйкес, заң үстемдігін құрмет тұтатын азамат ретінде өз еркіммен отставкаға сұранып, өтініш жаздым. Және бүгін облыс әкімі – Амандық Ғаббасұлы отставкамды қабылдады», - деп жазды Бақтияр Өнербаев.

Айта кетейік, бұл қызметте Өнербаев 2016 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істеді. Ол Текелі әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Баходир Норкуловқа үкім жарияланғаннан кейін отставкаға кету туралы арыз жазды.

«Сіздермен бірге қоян-қолтық Текелінің өсіп-өркендеуіне, дамуына қолдан келгенше үлес қостық. Әрине, әлі күнге дейін көптеген мәселелердің түйіні шешілмегені мені де мазалайды. Бір қуантатын жәй – Текелі қаласындағы ең өзекті мәселелердің бірі болған – су мәселесі жартылай шешілді, енді жалғасын таппақ. Екіншісі – экологиялық мәселе, яғни, қорғасын-мырыш зауытының қала ортасындағы жатқан өндірістік қалдығының рекультивациясы жобасы басталды, жылдың соңына дейін аяқталу қажет», - деді ол.

Бақтияр Өнербаев 1967 жылы дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін бітірген.  Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазақ мемлекеттік университетінің бейорганикалық химия кафедрасының лаборанты болып бастады. Әр жылдары Қазақ мемлекеттік университеті кафедрасында инженер, ҚР жекешелендіру және коммуналдық меншікті мемлекет иелігінен алу Комитетінің бас маманы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру бөлімінің және іс-шараларға қызмет көрсету және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы Соттар әкімшісі, сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының бірінші орынбасары және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының бірінші орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2014 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың қарашасынан Текелі қаласының әкімі болып қызмет атқарды.

Это может Вас заинтересовать