Войти через

  • 9°C

Пятница, 26 апреля

Тоқаев Социалистік еңбек ері Күләш Айтжанованы 80 жылдық мерейтойымен құттықтады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Социалистік еңбек ері, Алматы облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Күләш Айтжанованың 80 жылдық мерейтойына орай алғыс хат жолдады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

23 қазан күні Алматы облысының әкімі Амандық Баталов еңбек еріне президенттің алғыс хатын салтанатты түрде табыстады.

«Биыл Социалистік еңбек ері, Алматы облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері Күләш Айтжанованың 80 жылдық мерейтойы. Осыған орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын Күләш апаға тапсырып, ел алдында құрмет көрсеттік», - деп жазды Амандық Баталов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Күләш Айтжановаға жүгері дақылын өсіруде жеткен орасан зор жетістіктері үшін Социалистік Еңбек Еріеңбегі атағы берілді.

Это может Вас заинтересовать