Войти через

  • 9°C

Пятница, 26 апреля

Өзге ұлт өкілдері арасында челлендж өтті

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талдықорған қаласында «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесі аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай өзге ұлт өкілдері арасында челлендж ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.

Челлендж сонымен бірге Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға да бағытталған.

Онлайн челлендж үш номенация бойынша өтті:

  1. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» Абай Құнанбайұлының

Қара сөзін жатқа оқу;

  1. «Құлақтан кіріп, бойды алар...» Абай әндерін орындау
  2. «Өлең - сөздің патшасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу.

Шараға қала мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарынан білімгерлері 57 үміткер қатысып, қазылар алқасы челлендж талаптарын толық орындаған 10 жүлдегерді анықтады.

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы Дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Это может Вас заинтересовать