Войти через

  • 9°C

Пятница, 26 апреля

Жалынды һәм жас үміткерге тілеулестік танытты

TINFO
TINFO
Служба новостей
Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Дамир Дигай ауданымыздағы Тоғыз Социалистік Еңбек Ері мен көптеген ауыл шаруашылығының майталмандары шыққан суы нәрлі, жері құнарлы алтын аймақтың Кеңестер Одағы кезінде даңқын шығарғандардың бірі де бірегейі Күләш Айтжановамен онлайн жүздесу өткізді.
Онлайн кездесу барысында кандидат Дамир Дигай ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау отақ міндет екенін, оларға қолдау көрсету ұдайы партия назарында екенін атап өтті.
- Партия бағдарламасындағы "Аға ұрпаққа қамқорлық" тарауында: "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында біз медициналық-әлеуметтік мекемелерде қарт адамдардың өмір сүру жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастырамыз, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерге мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне және зейнет жасындағы адамдарға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге бастамашылық жасаймыз",- деді үміткер.
Күләш Айтжанова кездесу барысында "Nur Otan" партиясы бүгінде өзіндік дәстүрі, қол жеткен табысы мен тәжірибесі, қатары қалың жақтастары бар партия екенін атап өтіп, алдаға науқанда қолдау білдіретінін жеткізіп, барша қазақстандықтарды бейбіт өмір, тұрақтылық пен жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

Это может Вас заинтересовать