Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Жетісулық кәсіпкер қойылымның барлық билеттерін сатып алып, халықты тегін кіруге шақырады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Алматы облысының кәсіпкері Талғат Абдрахманов Бикен Римова атындағы драма театрының бір қойылымының барлық билетін өз қаражатына сатып алып, көрерменді театрға тегін кіруге шақырып отыр. Бұл туралы театр өкілдері өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды TINFO.KZ.

Брифингке Алматы облыстық Бикен Римова атындағы драма театры директорының орынбасары Ғалия Әмірхамзақызы, театрымыздың әртісі Ерлік Қалибек және кәсіпкер Талғат Абдрахманов қатысты.

Бар ғұмырын заң-құқық саласына арнаған Жетісудың перзенті, Кербұлақ ауданы Шоқан ауылында туған Талғат Ахметұлы жұма, 20 желтоқсан күнгі «Бір түп алма ағашы» әлеуметтік драмасының қойылымның барлық билетін өз қаражатына сатып алып, талдықорғандық және қала қонақтары мен қала маңында тұратын келуге мүмкіндігі бар барлық көрерменді тегін кіруге шақырып отыр.

Талғат Ахметұлының айтуынша өзінің жеті жасында ауылына барған театр қойылымынан алған әсері. Бала болса да көргенін көңілге түйіп, сол кезден таетрға сондай аңсары ауған екен. Ер жетіп есейгенде басқа саланың маманы болса да мүмкіндігінше театрдан қол үзбеген. Ал дәл осы қойылымды осыдан оншақты жыл бұрын ауыл азаматтарының басын қосып, туған жеріндегі ел-жұртына апарып көрсетіпті.

Өз кезегінде Ғалия Әмірхамзақызы қанша жылдан бері қойылып келе жатса да, спектакльдің көрермені азаймағанын, қай елді мекенге барса да жұрт керемет сезіммен қабыл алып, ой түйіп қайтатынын, сол үшін де театр репертуарында әлі күнге дейін келе жатқанын атап өтті. Ерлік Қалибек те өз рөлінің ерекшелігіне тоқтала келіп, ерке күйеу бала болғанымен осы образ арқылы біраз мәселенің айтылатынын жеткізді.

Фото: Өңірлік коммуникациялар орталығы.

Это может Вас заинтересовать