Войти через

  • 12°C

Пятница, 26 апреля

Жетісулық кәсіпкер жеке қаражатына мектепте «Кәсіпкерлік және бизнес» сыныбын ашты

TINFO
TINFO
Служба новостей

Талғар ауданының кәсіпкері, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Күләнда Батырбекова үш мамандандырылған кабинеттің ашылуына демеушілік көрсетті.  Талғар ауданы Жаңалық ауылындағы І.Жансүгіров атындағы №37 мектепте "Кәсіпкерлік және бизнес", "Өлкетану" және "Жас ғалым" кабинеттері ашылды. Кәсіпкер отбасымен және Bilim Invest білім беру инвесторлары Ұлттық қауымдастығының мүшелерімен бірлесе оқу кабинеттерін жабдықтауға 4 млн теңгеге жуық қаражат жұмсады. Қаражатқа парталар, орындықтар сатып алынды, электр шамдары, линолеум жаңартылды. Жыл соңына дейін заманауи интерактивті тақталар орнатылады.

Ашылу салтанатына Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ләззат Шыңғысбаева, Талғар ауданы әкімінің орынбасары Оразхан Қаспақбаев, өңір кәсіпкерлері мен депутаттары қатысты.

"Биыл мектепке барып, жұмысымен танысқан кезімде бірқатар мәселелері мен қажеттіліктері бар екенін байқадым. Мектеп үш ауысымды, оқушылар мен мұғалімдер үшін қолайлы жағдай жасау керек болды. Жанұяммен, қауымдастықтағы әріптестеріммен ақылдаса келе, үш оқу кабинетін ашып, оларды қажетті жабдықтармен жабдықтауды жөн көрдік.  Оқу кабинеттерінде түрлі шеберлік сыныптары, бизнесмендермен кездесулер өткізіледі, сондай-ақ оқушыларға стартаптар және басқа да жобаларды әзірлеу бойынша қолдау көрсетілетін болады. Сондай-ақ, біздің қауымдастық мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Мектеппен ынтымақтастығымыз енді басталалы", - деді Күләнда Батырбекова.

Өз кезегінде мектеп директоры Дина Жайсанбаев мектеп әкімшілігі атынан Күләнда Батырбековаға оқу орнының материалдық-техникалық жабдықталуына көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысын білдірді. Сондай-ақ, оқушылар мен ұстаздар да алғысын білдіріп, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Кәсіпкерлер "Туған елге тағзым" қайырымдылық акциясын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және "Білімді ұлт"ұлттық жобасын іске асыруға орайластырды.

Күләнда Батырбекова - "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі, Талғар және Іле аудандарындағы "Дана" жекеменшіе мектебінің, "Еркем-ай" балабақшаларының құрылтайшысы, Bilim Invest білім беру инвесторлары Ұлттық қауымдастығының вице-президенті.

Это может Вас заинтересовать