Войти через

  • 9°C

Пятница, 26 апреля

Жетісулық спортшылар Әлем чемпионатында топ жарды

TINFO
TINFO
Служба новостей

Біріккен Араб Әмірлігі Абу-Даби қаласында Джиу-джитсудан әлем чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеге 65 мемлекеттен 1700-ден астам спортшы, Қазақстаннан 160 спортшы аттанған болатын. Аталған әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасының қоржынына Жетісу облысынан Талғатқызы Данагул жүлделі (+70 келі) 1-ші орын, Госс Тимур (46 келі) 1-ші орын, Кенжебай Дарын (50 келі) салмақ дәрежесінде бақ сынасып, жүлделі 3-ші орынға ие болды, tinfo.kz хабарлайды

Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы екені сөзсіз. Ел абыройын үстем еткен спортшыларымызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!

Қазақ елінің спорт саласындағы жетістіктері мен табыстары арта берсін! Жеңісті әрі жемісті күндеріміз көп болсын!

Бұл жеңіс спорттық сапардағы толайым табыстардың басы ғана деп білеміз.

Это может Вас заинтересовать