Войти через

  • 11°C

Пятница, 26 апреля

Жолдауды насихаттап, шаруалармен кездесу

TINFO
TINFO
Служба новостей

Өздеріңізге мәлім, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауының бағыттарын түсіндіріп, ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жалғастырудамын, tinfo.kz хабарлайды

Бұл жолы Көксу ауданының шаруа қожалықтарында, сонымен қатар, қызылша тасып жүрген жүк көліктеріндегі жүргізушілермен экспромт кездесу өткізіп, Жолдаудың ауыл-шаруашылығы бағытындағы жұмыстарға тоқталып өттім. Сонымен қатар, шаруалардың қал-жағдайын біліп, жұмыстағы мәселелердің бар-жоғын анықтап, пікір алмастым. Ұсыныс тілектерін жеткізген шаруалар Жолдауда ел дамуы жолындағы айқын мақсаттар көрсетілгенін жеткізіп, ауыл шаруашылығы экономиканың авангарды болуы үшін барынша жұмыс істеп жатқандықтарын атап өтті.

 

Секенбай Шенгелбаев- Жетісу облыстық мәслихатының депутаты

Это может Вас заинтересовать