Өңірдің қала және ауыл әкімдері кең кабинеттерін «Open space» форматына ауыстырды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Қаратау ауданының Үштөбе қаласының әкімі, Кербұлақ ауданынынң Сарыөзек аулының әкімі, Панфилов ауданы Жаркент қаласының әкімі және Айдарлы ауылдық округінің әкімі өз кабинеттерін жаңа форматқа сәйкес ауыстырды. Сонымен бірге облыстағы 29 мектеп директоры осындай форматтағы кабинеттерде жұмыс атқаруда. ««Open space» форматы мемлекеттік қызметшілер мен халық арасындағы кедергілерді алуға және бір мезгілде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік беретін негізгі құралдардың бірі болып табылады. «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында бастау алған бұл жоба облысымызда кеңінен қолданылып келеді», - дейді департаментте. Ағымдағы жылдың тамыз айның аяғына дейін облысымыздың бірқатар орта білім беру мекемелерінің директорлары аталған форматтағы кабинеттерге көшеді. Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент.