Абайдың 175 жылдығы: Ғасырлармен үндескен асыл қазына
Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы және 32363 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай “Ғасырлармен үндескен асыл қазына” атты әдеби-сазды шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tinfo.kz.
Шараны Қапшағай қалалық кітапханасының директоры Назым Халелқызы Кенжебекова алғы сөзбен ашып, қатысушыларға Абай Құнанбаев туралы мағлұмат бере отырып, бүкіл Қазақстан болып биыл қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақынның елі үшін, жас келешек ұрпақ үшін өшпес із қалдырған әдеби шығармаларымен бөлісті.
Кеш барысында қалалық кітапхана қызметкерлерінің арнайы дайындаған кітапхана көрмесі мен Абайдың өмірі туралы бейнеслайд қатысушылар назарына ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды композициялық кеште Абай Құнанбаевтың өлең жолдары мен қара сөздері, арнаулар оқылып, Онегин мен Татьяна хаттарынан көрінісі, И.А.Крыловтан аударған мысал өлеңі «Түлкі мен қарға» көріністері ұсынылды. Кеште Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай», «Айттым сәлем Қаламқас» атты әндері де шырқалды.
Әдеби сазды кешке қатысушы барлық қонақтар мен сарбаздардың қосыла шырқауында «Мен Қазақпын»- атты патриоттық әнімен шара өз мәресіне жетті.