«Алаяқтық әрекет үшін қылмыстық жауаптылық» атты кездесу өткізілді
Жамбыл ауданы, Жамбыл ауданы, Таран ауылдық округінде Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектебінде Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімі, тілдерді дамыту, спорт, мәдениет бөлімдері және «Алматы облысының ауыл жастарының одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жамбыл ауданы тұрғындары мен жастары арасында құқықтық мәдениетін арттыру, қоғамда сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру» мақсатында «Алаяқтық әрекет үшін қылмыстық жауаптылық» атты кездесу өткізілді, tinfo.kz хабарлайды
Кейінгі жылдары алаяқтық қылмысы қарқынды өсуде. Бұл нарықтық қатынастардың дамуына байланысты жылжитын және жылжымайтын мүліктер азаматтық айналымға көптеп түсуінің көлеңкелі жағы деп айтуға болады. Азаматтар мүлікке және мүлік құқығына қатысты түрлі операцияларды жасағанда тиісті сақтық пен сауаттылық танытпайды. Нәтижесінде алаяқтардың алдауына түсіп қалады.
Кейінгі жылдары алаяқтык қылмыстарының төмендегідей тәсілдері өте кең тараған: банктік несиелерді жалған құжаттар арқылы алу; жалған фирмалар құрып кейіннен халықтың қаражатын иелену; тұрғын үйлерді алу (сату, айырбастау, арендаға, кепілге беру) үшін жалған құжаттар жасау; банкоматтан ақша немесе сауда кәсіпорындарынан тауарлар алу үшін, біреудің немесе қолдан жасалған пластикалық карточкаларды колдану; валютаны айырбастау, шетелдік куәліктерді, визаларды рәсімдеу кезіндегі, қамтамасыз етілмеген акцияларды және құнды қағаздарды сату барысында жалған құжаттарды қолдану және т.б.
Шарада ақпараттық үлестірмелі қағаздар таратылды. Іс-шараға қатысушыларымен кері байланыс орнатылды