Батыр ана базардағылардың жайын білді
Жуырда ҚР Парламент Мәжілісіне үміткер Әлия Әбсеметова Жамбыл ауданындағы «Абай-Жапар» базарында нәпақа тауып жүрген кісілермен жүздесті. Кездесуде келелі тақырыптарды қозғап, базарға келушілердің де талап-тілегін тыңдады.
«Істің бағасын беру үшін оның қалай аяқталарынан емес, қалай басталғанына назар аудару керек» деген. Үміткерлер сауда үйіне келушілер мен сонда нәпақасын тауып жүрген кісілерге партияның осы уақытқа дейін жүріп өткен жолын баяндады. Әрине, кешегі күн тарих болғанымен, тарихтың маңызын ондағы нақ шешімдер мен сүбелі қарекеттер айшықтайды. Мәселен, «Nur Otan» партиясы ел айқындағандай халықтық партия. Одан бөлек нақ істердің партияы деген атауы да бар. Бұл атаулар тегін берілген жоқ. Әр тірлігінен айқындалған атау. Мәселен, партия қай кездеде халықтың жайына болысып келеді. Өйткені, партия ұлық көретін жайт елдің егемендігі мен ел келешегі һәм мемлекеттің дамуы. Бұл жолда нұротандықтар аянып қап жатқан жоқ. Ал алда атқарар шаруаларын да Ә.Әбсеметова жіпке тізгендей «Абай-Жапардағыларды» таныстырды.
— Қоғам «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтеді. Нақ істер партиясы жаңашылдығымен, елді өрісті дамуға жетелейтін қадамымен айшықты. Біз және партияластарымыз жарқын болашақтың негізін қалаймыз. «Nur Otan» партиясы ауылдағы ағайынның сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілуін, балабақша мен мектептердің жаңалануын сайлауалды бағдарламасында негізгі бағыт етіп алды. Партия алдағы уақытта елдің жүйелі дамуына атсалыспақ. Жуырда жарияланған сайлауалды бағдарламаға алдағы бес жылда атқарар етжеңді жоспарларын кіргізді, — деді Ә.Әбсеметова.
Үміткер кездесуге қатысушыларды жаңашылдық пен прогрестік дамуды таңдаған «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Алматы облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.