«МӘМ» қамқоршылары мен қызметкерлері COVID-19-ға тексерілді

Служба новостей

Биылғы 2020 жыл еліміз үшін өте қиын жыл болды.  Олай деуіміздің  себебі Қытай Халық Республикасынан шыққан   COVID-19  пандемиясы барлық әлемді шарлады.  Қазақстанда 16-наурыздан бастап төтенше жағдайға байланысты  карантин жарияланды. Пандемияға байланысты іс-шаралар қолданды.

1.Үнемі бетперде кию
2.Ара-қашықтықты сақтау
3.Әрдайым антисептик қолдану жайлы атап айтқанда мемлекетіміздің бас санитарлық дәрігердің алгоритіміне сәйкес қызмет атқарудамыз.

Төтенше жағдайға байланысты «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының»  80% қызметкерлері қашықтықтан жұмыс жасауға көшті.  Орталықта 10 күндік кезекшілік жұмыс режиміне ауыстырылды.    Төтенше жағдайға  байланысты қызмет алушылардың ата-аналары, туыстарының келуіне уақытша тыйым салынды. Туған-туыстарымен онлайн режимінде байланысқа шықты.  COVID-19 пандемиясына байланысты 29.04.2020 жылы  121 қызметкер жәнеде 157 қызмет алушылар тест тапсырды. Тапсырған тест нәтижесі 5 жұмыс күн аралығында дайын болып, теріс нәтижесін көрсетті. 

Біз «Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» қызметкерлері осы COVID-19 пандемиясына қарсы вакцина шығатынына сенімдіміз. Қиындықты міндетті түрде жеңеміз.

Біз біргеміз!

Қоғалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы