Сарқан ауданында Абай Құнанбаевтың және Мұхаметжан Тынышбаевтың муралы салынды
Сарқан ауданында Абай Құнанбаевтың және Мұхаметжан Тынышбаевтың муралы салынды деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ғұлама ақынның туғанына биыл 175 жыл толуына орай, барлық өңірде осындай суреттер салып, есімін ұлықтауда. Әлемді өз туындыларымен тәнті еткен Абай атамызға және алғашқы темір жолшы, ұлт мақтанышы, ауданымыздың тумасы Мұхаметжан Тынышбаевқа арналған муралы көпқабатты үйлердің бірінде салынды.
Қазақтың мақтанышына айнала білген қос ұлы тұлғаның суретін тек әсемдік үшін салып қана қоймай, жастардың өз тарихын, ұлы тұлғаларының есімдерін ұмытпауға тәрбиелеу.
Өзі өлсе де сөзі өлмеген ұлы Абайдың ұлағаты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ғасырдан-ғасырға ұласып, туған халқымен бірге жасай бермек. Оның біз білетін 200-ге жуық өлеңі, 3 поэмасы, 45 қара сөзі бар.
Мұхаметжан Тынышбаев қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайрат-кері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері.
Жас ұрпақ санасында Абай атамыздың, Мұхаметжан Тынышбаевтың еңбектері мен шығармалары мәңгі мұра болып қалары анық.
Сарқан қаласында көпқабатты үйдің қабырғасында Хәкім Абайдың және Мұхаметжан Тынышбаевтың портреті «Жетісу адалдық алаңы» жобасы аясында, аудан әкімі Талғат Қанатұлының қолдауымен салынды.
Бұл муралдың салынуы қаламыздың гүлденіп, көркеюіне үлес қосып тұрғаны сөзсіз.