Талдықорғанда көпбалалы аналар мен мүгедектер үйлі болды
Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов «Жұлдыз» шағын ауданында бой көтерген 20 пәтерлі коммуналды үйдің кілтін табыс етті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.
Әкімдіктің хабарлауынша, 2 және 3 бөлмелі пәтерге мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, бюджеттік қызметкерлер, жалғызбасты, көпбалалы отбасылар ие болды.
«Үйіміз кең, жарық. Оған қоса мектепке де жақын. Балалардың сабағына ыңғайлы болатын болды. Бүгінгі күнді біз зарыға күттік. Қазір енді қуанышымызда шек жоқ. Әкімдік қызметтердеріне рахметімізді айтамын», — дейді кезекпен пәтер алған Ольга Генадевьна.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 2018 жылы бастау алған бұл үйдің құрылысы бір жылдың ішінде аяқталды.
Фото: www.facebook.com/TLD7282/.