Жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Жастарға қызмет көрсету орталығында облыс әкімінің орынбасары Ақан Абдуалиевтың төрағалығымен Алматы облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Жастар саясаты мәселелері басқармасына сілтеме жасап.
Күн тәртібінде Алматы облысында жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасының орындалуы мен 2020 жылы «Волонтер жылын» өткізуге байланысты облыстағы дайындық жұмыстары туралы мәселелер қаралды.
Кеңес отырысына облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің мүшелері – басқарма, департамент басшылары, жастар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, «Жетісу еріктілері» бірлестігінің мүшелері, жас кәсіпкерлер, аудандық, қалалық жастар ресурстық орталықтарының жетекшілері қатысты.
Фото: Жастар саясаты мәселелері басқармасы.