Биыл Алматы облысының төрт ауданында спорт кешендері салынады

21.02.19

Спорт
Служба новостей

Биыл Ақсу, Қарасай, Көксу, Кеген, Райымбек аудандары мен Қапшағай қаласында денешынықтыру және сауықтыру кешендері салынады, оның төртеуі – мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. 

«Елбасының кемінде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы тапсырмасын орындау мақсатында өткен жылы Алматы облысының Алакөл, Қарасай, Талғар аудандарында 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды», — деді өңір басшысы. 

Ал 2022 жылға қарай барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жұмыс істемек.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.